«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАС ЖҮЛДЕ ШЫҒЫС ШАЙЫРЫНА БЕРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше Қызылжарда ақын, драматург, аудармашы Ерік Асқаровтың туғанына 60 жыл толуына арналған «Қайың де мені көшпейтін туған өлкемнен» деп аталған республикалық  ақындар айтысы өтті.

2003 жылы жол апатының салдарынан мезгілсіз дүние салған  Ерік Асқаров  бірнеше жыр жинақтарының авторы, әсіресе айтыскер ретінде кеңінен танылған болатын. Сондықтан бұл айтысқа кезінде Ерікпен  қатар өнер көрсеткен Аманжол Әлтаев, Айтақын Бұлғақов, Айбек Қалиев,  Серік Құсанбаев, Қуаныш Мақсұтов сияқты айтыс  тарландары жиналды. Зал толы көрермен 10 сағаттан астам тапжылмай отырып, 11 жұп ақын қатысқан жыр сайысын тамашалады.

Бас жүлдеге тігілген 2 млн.теңге шығысқазақстандық Серік Құсанбаевқа берілді. Бірінші орынның жүлдесі  – 1 млн.теңге шымкенттік Маржан Есжановаға тапсырылды. 2-ші орынға қарағандылық Аманжол Әлтаев ие болды, ал 3-ші орынның жүлдесі қызылордалық Мұхтар Ниязов пен түркістандық Бекарыс Шойбековке бұйырды. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp