«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МОЛ ЫРЫСТЫҢ БЕЛГІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ақ жаулықты әжелеріміз наурызкөже әзірлеудің қыр-сырмен бөлісті. “Қызылжар” орталық мешітіне жиналған қариялар мерекенің басты тағамын дайындау үшін бар білгендерін ортаға салды.

Петропавл қаласының тұрғыны Алтын Жарасова наурызкөжені жиырма жылдан бері әзірлеп келеді. Айтуынша, ұлттық тағам жеті түрлі дәмнен дайындалғанымен, әр өңірдің, тіпті, әр отбасының пісіретін көжесінің өз ерекшелігі бар. Зейнеткер биыл да наурызкөже әзірлеп, отбасы мүшелеріне ғана емес, көршілерге де ауыз тигізбек.
– Қазанға, ең алдымен, су құйып ет саламыз, сүр ет болса тіптен жақсы. Ет ас мол болсын деген ырыммен салынады. Тұз қосамыз. Содан кейін өсіп-өнсін, көбейсін деген ниетпен жүгері, бидай салу керек. Соңында “ақ мол болсын” деген тілекпен қатық құямын. Езілген құрт тағамның дәмін келтіреді. Дайын көжені жеті үйге таратып, жеті шаңырақтан дәм тату қажет, – дейді Алтын әже. Ал Рауза Аманжолова “әр отбасы наурызкөже пісіруге міндетті” деп есептейді. Оның айтуынша, үйде қандай дәм бар, соның бәрін ұлттық тағамға қосуға болады.
Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті тағамды ең бастысы – жақсы тілек тілей отыра, ықыласпен әзірлеп, ұсыну қажет. Өйткені, наурызкөже – тоқшылық пен мол ырыстың, құт-берекенің жоралғысы.

Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp