«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ХАБАРЛАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2019 жылғы 14 наурыз күні Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2019 жылғы 17 сәуірге дейін тағайындалған, өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанның орнына ауылдық округтер әкімдерінің сайлауына дайындық және оны өткізу жөніндегі жұмыс жоспары мен негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қаралды және бекітілді.

Ауылдық округтер әкімдерінің сайлауына дайындық және оны өткізу кезеңінде облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс тәртібі бекітілді.
Аудандық сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жерлері нақтыланды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес сайлау құжаттамаларын дайындау жөніндегі мәселе қаралды.
Облыстық сайлау комиссиясының отырысында басқа да мәселелер қаралды. Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Алдағы сайлау науқаны барысында 14 ауылдық округтің әкімдері сайланады.
Облыстық сайлау комиссиясының құрамы
Төрағасы Ерболат Мұратұлы Бекшенов
Төрағаның орынбасары
Сергей Васильевич Калинин
Хатшысы Светлана Валентиновна Копнина
Комиссия мүшелері
Лариса Болеславовна Гордеева
Рүстем Мұқашұлы Елубаев
Жасұлан Кенжебайұлы Қазбеков
Қанат Қосылұлы Омаров

(Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, 2-қабат, №41 және №43 кабинеттер, телефоны 36-55-51)


Облыстық сайлау комиссиясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp