Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындалды.
Ғизат Дәуренбекұлы еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданының прокуратурасында тергеуші болып бастаған. Мемлекеттік тергеу комитетінде, Ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек еткен. 2017 жылы шілде айынан бастап соңғы тағайындалуға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
https://www.inform.kz/kz/gizat-nurdauletov-kr-bas-prokurory-bolyp-tagayyndaldy_a3508300