«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДОСТЫҚ ДАСТАРҚАНЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлыстың ұлы күніне орай өңіріміздегі этномәдени орталықтардың өкілдері Достық үйіне жиналып, мерекелік дастарқан жайды.
Наурыз бүгінде барша қазақстандықтардың сүйікті мейрамына айналды. Мереке қарсаңында елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық этнос өкілдері ақ тілектерін жаудырып, қуанышқа кенеледі. Достық үйінде өткен шарада да осындай көрініске куә болдық. Түріне, діні мен тіліне қарамастан, кешке қатысушы барлық азаматтар бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жылы лебіздерін жаудырды. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері амал мейрамының мән-маңызы жайында әңгіме өрбітіп, дәстүрге сай бір-бірінен амандық-саулық сұрасты.
– Бұл дәстүріміздің барлық ел бойынша аталып жатқанына ризамын. Оның Наурыз мерекесі қарсаңында тойлануының өзіндік сыры бар. Баршамыз Ұлыстың ұлы күніне дейін реніштерімізді ұмытып, бір-бірімізден кешірім сұрап, осы күнге аман жеткенімізге шүкір деуге тиіспіз, – дейді “Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы” республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сағындық Салмұрзин.
Мерекелік кешке жиналғандар ақ дастарқан басында ән айтып, дәмнен ауыз тиді.

Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp