М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Азық-түлік қауіпсіздігі” зертханасы ашылды.
– Бұл зертханада студенттерге қоғамдық тамақтану орындарында ұсынылатын тағам түрлерін дайындауды үйретеміз. Болашақ технологтарға кәсіби мамандар сабақ береді. Әсіресе, қазақтың ұлттық тағамдарына ерекше мән береміз, – деген тәлімгер Тыныштық Сәдупова мұнда кондитерлік өнімдер де әзірленетінін айтты. Сондай-ақ, “Қазақтану” оқу интерактивті дәрісі аясында қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеуден шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Студенттер сірне, бауырсақ пен қуырдақ пісіріп, қамыр мен құрт жаюдан сынға түсті.
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, “Soltústik Qazaqstan”.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.