Киноактриса Самал Есләмова Гонконгта Азия киноакадемиясының жүлдесіне ие болып, «Азияның үздік актрисасы» атанды.
Бұл марапат жерлесімізге режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде ойнаған басты ролі үшін берілді. «Asian Film Awards Academy» жүлдесін «Азия Оскары» деп те атайды.
Самал Еслямова өткен жылы қазақ киематографының тарихында алғаш рет Канн кинофестивалінде «Үздік актриса» атанған болатын.