Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің “ЕС-164/8” мекемесі жұмысының негізгі бағыттарының бірі – тәртіпті ңығайту, мекеме аумағына рұқсат етілмеген заттарды кіргізбеу. Осы мақсатта кешенді жоспар әзірленіп, соған сәйкес алдын алу шаралары жүргізілуде.
Мекемеде есірткі затын анықтау үшін арнайы қызметтік ит бар. Сондай-ақ, аумаққа келген барлық адамдардың ұялы телефондары, батареялары мен сим-карталары “NR-2000” детекторы арқылы тексеріледі. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде мекеме аумағынан 1,07 гр. героин және 2 сим-карта табылып, тәркіленді. Жыл басынан бері сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды түзеу мекемесінің аумағына кіргізуге әрекет жасағаны үшін бір азамат жауапқа тартылды.
Айбол ҚОЖАХМЕТОВ, “ЕС-164/8” мекемесі бөлім бастығының орынбасары, әділет аға лейтенанты.