«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше өңір басшысы Құмар Ақсақалов Қызылжар өңіріне жұмыс бабындағы сапармен келген Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ бастаған ресми делегацияны қабылдады.

– Қазақстан мен Франция арасындағы байланыс соңғы жылдары жақсы дамып келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде Қазақстан дүниежүзілік қауымдастықта өзінің лайықты орнын алған. Франция әлем елдері арасында Қазақстанға инвестиция салу бойынша бесінші орында тұр. Елімізде ауыл шаруашылығына тартылған барлық инвестицияның 25 пайызы Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Біздің облыс еліміздің астықты өңірі болып саналады, – деді Құмар Іргебайұлы. Делегация мүшелеріне облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инвестиция салуға болатын салалар таныстырылды.
Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэ жұмыс бабындағы сапарының мақсатымен таныстырып, қонақжайлықпен қарсы алғаны үшін алғысын жеткізді.
– Үстіміздегі жылы Франция елінің басшылығы Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл екі ел арасында тығыз байланыс орнатылғанының айқын дәлелі, кездесу барысында бірқатар келісімдер жасалмақ, – деді Филипп Мартинэ. Франция мен Қазақстанның бірлескен кәсіпорнының бас директоры Парик Хофман жалпы құны 200 млн. АҚШ доллары болатын шошқа кешенін салу жөніндегі инвестициялық жобасымен таныстырды. Ал “Еврокоптер Қазақстан инжиниринг” (“ЕСКИ”) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Стефан Юнг сегіз жыл бойы Қазақстан нарығында пайдаланылып жүрген бір қозғалтқышты жеңіл тікұшақ өндірісі жайлы айтып берді.

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp