«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЕГЕЙ ЖОБА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ауруханада өкпе патологиясын дәл көрсететін бағдарлама іске қосылып, жергілікті дәрігерлер алғашқылардың бірі болып медицина саласына жасанды ақыл-ой жүйесін енгізді.

Енді рентген түсірілімін адам емес, компьютер анықтайды.Облыстық аурухананың сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Анна Голубева бір жыл бойы жасанды ақыл-ой жүйесін бүге-шүгесіне дейін зерттеп, алты мың рентген түсірілімі арқылы тоғыз ауру белгісін анықтады. Соның нәтижесінде нақты диагноз компьютердің көмегімен қойылатын болды. Бұл еліміздегі денсаулық сақтау саласына енгізілген алғашқы бағдарлама.

– Өңірдегі әр емдеу мекемесінде рентгенолог бар деп айта алмаймын. Мысалы, біздің облыстық ауруханада да маман кешкі, түнгі уақытта немесе демалыс күндері болмайды. Ал кезекші дәрігер сәулелік диагностиканы білмеуі мүмкін. Енді бұл мәселе шешілді, – деп атап өтті облыстық аурухананың бас дәрігері Юрий Белоног.

Жасанды сана жүйесін жасауға бір тиын да ақша кетпепті. Бұл – дәрігерлер мен IT мамандардың бірлескен жобасы. Енді ол науқастарды қабылдау бөлмесіне де енгізіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp