«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыз мейрамы қарсаңында “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді.

Халқымыздың қастерлі мейрамында көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты қарттарға қамқорлық көрсетіп, қайырымдылық жасау – игі іс. Сондықтан жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Наурыз мейрамында көпбалалы аналардың басын қосқан “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінің қызметкерлері дастарқан жайып, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеді. Биыл алғаш рет қолға алынған бұл жобаны дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырған рухани ордада ұлттық тағамдардан дәм татқан қонақтар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

– Ұлыстың ұлы күнінде ана мен балаға жақсылық жасау сауап. Сондықтан ізгілік пен жақсылықтың жаршысына айналған ұлық мейрамда құрмет көрсеткен мұражай ұжымына алғыс айтамын. Ұлттық салт-дәстүріміз көрініс тапқан осындай шаралар жиі өтуі тиіс, – дейді бес баланың анасы Гүлнұр Шәріпова.

Шара соңында көпбалалы аналар мен балаларға мұражай қызметкерлері экскурсия ұйымдастырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp