«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.03.2019

АҒЗАҒА ЙОД ҚАЖЕТ

Бүгіндері йод тапшылығы ауруы белең алуда. Әлемде 1,9 миллиард адам, соның ішінде 285 мың бала йод тапшылығынан зардап шегіп отыр. Топырақ пен суда йод тапшылығы болса, жергілікті азық-түлік өнімдерінде ол айқын көрініс табады.

КҮЙЗЕЛІС ТҮБІ – СЫРҚАТ

Қазір елімізде денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып, әлемдік медицинадағы озық технологиялар кеңінен пайдаланылуда. Бұл салаға жыл сайын ел қазынасынан бөлінетін қаржы да аз емес. Әйтсе де сырқаттар саны азаймай отыр. Әсіресе, инфекциялық созылмалы ауруларға, қант диабеті, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, жүрек-қан тамырлар жүйесі, онкология, остеопороз, семіздік ауруларына шалдыққандар мен есірткіге, “ащы суға” тәуелді адамдар қатары көбейіп …

КҮЙЗЕЛІС ТҮБІ – СЫРҚАТ Read More »

ТҮЙМЕДАҚТЫҢ ПАЙДАСЫ

Түймедақ гүлi өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына ем ретінде қолданылады. Өсiмдiктен алынған эфир майы жүйке жүйесiн жақсартып, ми тамырларын кеңiтедi. Асқазан-iшек жолдарының жұмысын түзеп, өттiң дұрыс істеуіне және тәбеттiң ашылуына көмектеседi. Бұлшықеттiң де жұмыс қабiлетiн арттырады.

ДЕРТКЕ ШИПА

АҚШ ғалымдары ғылыми тілде “Artemisia Annua” деп аталатын өсімдіктің бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпедегі ісік жасушаларының 98 пайы­зын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтады. Ол – Қазақстанның кез келген дерлік жерінде жұпар иісі бұрқырап өсіп тұратын кәдімгі жусан шөбі. Атам қазақ ертеден қастер тұтқан, алыс сапарларға шыққанда ұдайы жанына бір бумасын алып жүрген өскіннің осындай …

ДЕРТКЕ ШИПА Read More »

ЕРТЕРЕК БАСТАЛАДЫ

Биыл Есіл өзенінде сең жүру жылдағыдан 7-10 күн бұрын басталады деп отыр ауа райын болжаушылар. Наурыз айындағы ауаның температурасы  климаттық нормадан жоғарырақ. Күзде  жауын-шашын мол түскендіктен топырақтың ылғалдануы да әдеттегіден 2 еседей артық болып отыр. Сондықтан Есілдің тармақтарында еріген су сәуірдің алғашқы онкүндігінде, ал Есілдің өзінде – сәуірдің ортасынан бастап күтілуде. Қызылжар өңірінде 92 елді …

ЕРТЕРЕК БАСТАЛАДЫ Read More »

ЖУРНАЛИСКЕ ШАРТТЫ ЖАЗА

Петропавл қалалық соты “Квартал” басылымының шеф-редакторы Елена Кузнецованың бостандығын бір жылға шектеп, 35 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлады “Әділ сөз” баспасөз қорғау қоры.

ТОП ЖАРДЫ

Солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко “Тиррено-Адриатико” көпкүндігінің төртінші кезеңінде топ жарды.

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Өңір құрамасы Атырауда ерлер мен әйелдер арасында ұлттық спорт түрі – жекпе-жектен өткен ел біріншілігінен жүлделі оралды.

ҚАРИЯҒА ҚОЛҒАБЫС

Наурыз мерекесіне орай “Жасыл қала – жасыл ел” акциясы өтіп, оның барысында белсенді ұлқыздар облыс орталығында тұратын жалғызбасты Галина Краснопевцеваның үйіне барып, көмек көрсетті.

ЖАҢА ҚОНЫС – ЖАҢА ТЫНЫС

Мамлют ауданының Бексейіт ауылында тұрып жатқан Жүсіпбековтер отбасы өңірімізге осыдан үш жыл бұрын Түркістан облысынан қоныс аударған еді. Бастапқыда отағасы Ғани Жүсіпбеков өңірімізді өз көзімен көріп қайтуды жөн көрген. Ол жергілікті әкімдіктің және жұмыспен қамту орталығының мамандарымен кездесіп, көшіп келсе баспана және екі қолға бір күрек табылатынына көз жеткізген.

ОҚЖЕТПЕСІ ӨЛЕҢНІҢ

Айтыс ақыны, жерлесіміз Ерік Асқаровтың туғанына 60 жыл толуына орай Оқушылар сарайында облыс әкімдігі мен халық шығармашылығы және мәдени бос уақыт қызметі орталығының ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қаламгерлер, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері Ерік Асқаров атындағы облыстық ақындар мектебінің ашылу салтанатынан соң республикалық ғылыми конференцияға қатысты.

ТУҒАН ЖЕРГЕ КІНДІГІМЕН БАЙЛАНҒАН…

Өнерсүйер қауым арасында Мағжан Жұмабаев ауданындағы Дүйсеке ауылында дүниеге келіп, көзі тірісінде айтыс сахнасында жұлдыздай жарқыраған Ерік Асқаровтың есімі ерекше ілтипатпен аталады.

ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ҒҰМЫР

“Бір адамды көргенде қандай қасиетін айту керек”, – деп сұрағанда, аузы дуалы бір қария: “Жақсылығын айту керек, өйткені, жақсылықтың қадамы ұзақ, барар жері алыс” деген екен. Шынымен де, “жақсылық деген ауыр нәрсе, құдықтан суды тартып алғандай”, – деген аталы сөздің байыбына тереңірек бойласақ, жақсы адам болу қиын екенін ұғамыз. Көзі тірісінде қазақ өнерінің абыройын асқақтатқан …

ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ҒҰМЫР Read More »

ИГІЛІГІ МОЛ

Өңірімізде 500-ге жуық тұрғын “Бизнес бастау” жобасы бойынша кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренуде. Жобаның бизнес-жаттықтырушысы Дмитрий Шадриннің айтуынша, “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы” аясында қолға алынған жоба облыс орталығы мен 12 ауданда жүзеге асырылуда.

ОРМАН — ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

Көктем мен күз айларында өрт оқиғалары көбейеді. Әсіресе, бұл кезде орман алқаптарын өрттен сақтаған жөн. Сондықтан тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігіне орай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу өрт сөндіру қызметкерлерінің ғана емес, қоғамдық мекемелердің де тікелей міндеті.

«ШЫҒЫСТА» – 3200 ПӘТЕР САЛЫНАДЫ

Облыс орталығында жаңа ықшамаудан бой көтереді. Петропавл қалалық әкімдігі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы және «Регион Строй» ЖШС  қол қойған әріптестік туралы меморандум бойынша  компания күн жылынысымен-ақ Петропавлдағы жаңа «Шығыс» ықшам ауданында тұрғын үй құрылысын бастамақшы. Мұнда алдағы 5 жылда 9 қабатты 27 үй салынады деп жоспарланған. Алғашқы үй келесі …

«ШЫҒЫСТА» – 3200 ПӘТЕР САЛЫНАДЫ Read More »