«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕРТКЕ ШИПА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

АҚШ ғалымдары ғылыми тілде “Artemisia Annua” деп аталатын өсімдіктің бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпедегі ісік жасушаларының 98 пайы­зын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтады. Ол – Қазақстанның кез келген дерлік жерінде жұпар иісі бұрқырап өсіп тұратын кәдімгі жусан шөбі. Атам қазақ ертеден қастер тұтқан, алыс сапарларға шыққанда ұдайы жанына бір бумасын алып жүрген өскіннің осындай құдіреті бар болып шықты.

Америка ғалымдары жусанды бұл мақсатқа пайдалана білудің де өз ерекшеліктері бар екенін айтып отыр. Мысалы, оның біржылдық өскінін емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің тек 28 пайызын ғана жойып жібере алады. Ал егер оған темір қоспасын қосып пайдаланса, өсімдік ісікті толық емдейді. Зерттеу нәти­желері артемизинин препара­тының ісік жасуша­ларының қарқынмен өсуін толық бақылауда ұстай алатынын көрсетіп берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp