«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«МАС ЖҮРГІЗУШІ» ІС-ШАРАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс полицейлері «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның барысында салдары ауыр апаттарға әкеп соқтыратын жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, әсіресе, мас күйде көлік жүргізу фактілерін анықтауға ерекше назар аударылды.

Тайынша ауданында отыз жасар азамат «Opel» көлігімен жолдың екі жағына да шығып жүріп келе жатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексерген кезде одан ішімдіктің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру оның спирттік ішімдік ішкен соң көлік тізгініне отырғанын көрсетті.Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабына сәйкес жүргізуші үш жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Жедел-профилактикалық іс-шара өткен үш күнде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1500-нан астам фактісі анықталды. Олардың қатарында 26 мас жүргізуші болды.  Жыл басынан көлікті мас күйде жүргізген 192 адам тіркелген.  Осы сияқты тәртіп бұзушылықтардың жолын кесу және алдын алу бойынша жұмыстарды полиция қызметкерлері  ұдайы жүргізіп тұрады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp