«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАҚТЫ ҰСЫНЫСТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі республикалық арнаулы мониторингтік тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов жұмыс бабындағы сапармен облысымызда болды.

Астаналық мейман облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталықта көші-қон қызметі келушілерге “Бір терезе” қағидаты негізінде көрсетіледі. Орталық бірнеше секторға бөлінген, сондықтан клиенттер кезек күтіп ұзақ тұрмайды. Рафаэль Гасанов орталықтың жұмысына өзінің оң бағасын беріп, медициналық байқаудан өтуде, дактилоскопияда, сақтандыру полисін алуда азаматтардың уақытын үнемдейтінін атап көрсетті.
Содан кейін мейман облыс орталығындағы №40 орта мектеп жанындағы инклюзивті білім берудің ресурстық орталығында болды. Бұл орталықты АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен “Дара” қоры “Кедергісіз мектеп” жобасы шеңберінде ашқан болатын. Орталықты аралау барысында мектеп басшылығына мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін шақыру пультін орнату, сондай-ақ асханада ауаны желдету мәселесін шешу жөнінде ұсыныстар айтылды.
Республикалық арнаулы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов облысқа сапары барысында Тайынша аудандық орталық ауруханасында, Келлеровка ауылдық округінде, “Азаматтар арналған үкімет” коммерциялық емес акционерлік қоғамы Аққайың аудандық филиалында, Смирново ауылындағы емханада болып, оларда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына назар аударды, бірқатар кемшіліктерді атап көрсетті.


Сәкен ҚҰБЫШЕВ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp