Солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко “Тиррено-Адриатико” көпкүндігінің төртінші кезеңінде топ жарды.
Спортшылар Фолиньо қаласынан Фоссмоброне елді мекеніне дейінгі 221 шақырымды жүріп өтті. Луценко бұл қашықтықты 5 сағат 16 минутта бағындырды. Жерлесіміз мәреге 20 шақырым қалғанда екі рет құлағанына қарамастан, жеңімпаз атанды.
Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústik Qazaqstan”.