«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ САЙЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда қысқы Президенттік көпсайыстан Ішкі істер министрлігінің біріншілігі аяқталды.

Екі күнге созылған додада еліміздің полиция департаменттерінен 12 команда бақ сынады. Полицейлер Макаров тапаншасынан ату, күштік гимнастика, шаңғы тебу бойынша жарысқа түсті. Жалпыкомандалық есепте астаналық полицейлер көш бастады. Ал жерлес тәртіп сақшылары екінші орынды еншілесе, қостанайлықтар үздік үштіктен көрінді.
Жекелей сында ерлер арасында петропавлдық полицей Олег Гурский жеңімпаз атанды. Қарағандылық Бауыржан Абзал – екінші, астаналық Нұрлан Байкенже үшінші орынды иеленді.
Нәзік жандар арасында болған сайыста солтүстікқазақстандық тәртіп сақшысы Лидия Логинова қарсылас шыдатпады. Ал екінші және үшінші орындарды елордалық Нұрсәуле Дәуітқалиева мен қостанайлық Екатерина Деткова өзара бөлісті.

Юрий КЛЫКОВ,  облыстық полиция департаменті  баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp