«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ХАЛЫҚҚА КӨМЕК” — ҮЛКЕН ҚОЛДАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Nur Otan” партиясының бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесінде қызмет көрсететін “Халыққа көмек” жобасы өз жұмысын бастады. Бұл туралы республикалық орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында “Nur Otan” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлім етті.

Аталмыш жоба халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталып отыр. Мемлекет басшысы “Nur Otan” партиясының кезекті XVIII съезінде қоғамда өзекті мәселелер туындаған жағдайда жедел қимылдау керектігін айтып, “Халыққа көмек” жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Жаңа бастаманы партия мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес қауымдастықпен бірлесіп іске асыруда.
Жоба аясында партияның еліміздегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы жаңғыртылып, олар бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесінде қызмет көрсететін болады. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қоғамдағы өзекті мәселелерді жедел әрі тиімді шешу үшін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге жарияланған жазбаларға талдау жасалып, мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ көмекке мұқтаж азаматтар қоғамдық қабылдау бөлмелері арқылы партия өкілдеріне тікелей жүгіне алады.
– “Nur Otan” партиясы – халықтың мүддесін қорғайтын және Елбасы тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізетін басты институт. “Халыққа көмек” жобасын жемісті жүзеге асыру үшін ірі қалалардағы ғана емес, барлық филиалдарымыздағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің әлеуетін толық пайдаланамыз. Өйткені, біздің басты міндетіміз – халықтың мәселесін тиімді шешіп беру, – деді Мәулен Әшімбаев.
Азаматтардың өтініштері сайт, электронды пошта, Call-сenter арқылы қабылданса, тұрғындармен байланыс әлеуметтік желілердегі парақшалар, WhatsApp мессенджері, әкімдіктердің цифрлы қызметі және “Электронды үкімет” порталы арқылы да жүргізіледі.


Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp