Облыс орталығында жаңа ықшамаудан бой көтереді.
Петропавл қалалық әкімдігі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы және «Регион Строй» ЖШС қол қойған әріптестік туралы меморандум бойынша компания күн жылынысымен-ақ Петропавлдағы жаңа «Шығыс» ықшам ауданында тұрғын үй құрылысын бастамақшы. Мұнда алдағы 5 жылда 9 қабатты 27 үй салынады деп жоспарланған. Алғашқы үй келесі көктемде пайдалануға берілмекші. Шағын ауданда мектеп, балабақша, дүкен сияқты әлеуметтік нысандар тұрғызу да көзделген.