«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРИЯҒА ҚОЛҒАБЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыз мерекесіне орай “Жасыл қала – жасыл ел” акциясы өтіп, оның барысында белсенді ұлқыздар облыс орталығында тұратын жалғызбасты Галина Краснопевцеваның үйіне барып, көмек көрсетті.

Жасы 90-ға таяп қалған қарияның баспанасы Солнечный кентінде орналасқан. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың белсенділері қолдарына күрек алып, үй маңын қардан тазалап, ақ жаулықты ананың алғысына бөленді. Осындай игі іске риза болған кейуана жастарға ақ батасын берді. “Олар маған бірінші рет келіп тұрған жоқ. Осыған дейін де көмірімді кіргізіп, су тасып берді, маңайды жинастырды. Көмек беруге әзір, қайырымды ұлқыздары бар елдің болашағы нұрлы болары сөзсіз”, – деді қария.
Жыл басынан бері облыстық жастар ресурстық орталығының белсенділері 27 жалғызбасты қарт пен мүгедекке көмек көрсеткен.


Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp