«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.03.2019

ҚЫРЫҚТЫҢ БІРІ — ҚЫДЫР

Аспанмен тірескен шаңқай жасыл шырша, самсаған алуан түрлі ойыншықтар, жалтыраған электр шамдары, шыршаның түбінде ақ матадан жасалған қалың қар – бәрі көздің жауын алады.

ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ МЕЙРАМЫ

Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Қай уақытта, қай халықта болса да жаңа жыл сол халықтың, сол уақыттың шаруа жағдайына қарай белгіленген. Европа жұрттарының бір жерінде жаңа жыл – 1 қаңтар, бір жерінде – қыркүйек, тағы осындайлар. Азияда жаңа жыл – жазғытұрым, қазақ елінде – марттың 22-сі.

НАУРЫЗДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ӨРНЕК

Наурызнама – шат-шадыман ойын-сауық, той. “Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп той-тамаша қылады екен” (Абай). Кей жерлерде Наурыз тойы деп те аталады. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады.

ӘЛЕУМЕТТІК БАСЫМДЫҚТАР

Азаматтардың сапалы өмірі, тұрғындардың әлеуметтік қорғалуы, экономиканың тұрақты дамуы тәрізді құндылықтар демократиялық институттарды нығайтумен тығыз байланысты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асырушы әрі еліміздегі басты саяси күш – “Nur Otan” партиясы бүгінде экономикамызды тұрақтандыру үшін қажетті мүмкіндіктер жасауда және оның құрылғанына биыл 20 жыл толды. “Nur Otan” партиясының мерейтойына арналған съезден партия мүшелері …

ӘЛЕУМЕТТІК БАСЫМДЫҚТАР Read More »

“ХАЛЫҚҚА КӨМЕК” — ҮЛКЕН ҚОЛДАУ

“Nur Otan” партиясының бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесінде қызмет көрсететін “Халыққа көмек” жобасы өз жұмысын бастады. Бұл туралы республикалық орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында “Nur Otan” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлім етті.

НАҚТЫ ҰСЫНЫСТАР

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі республикалық арнаулы мониторингтік тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов жұмыс бабындағы сапармен облысымызда болды.

ЖАҢА ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыстық әкімдікте өңір активінің отырысы өтті. Отырыста облыс әкімі Құмар Ақсақалов Айдарбек Сапаровты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Өңір басшысы бұл Айдарбек Сейпілұлының жұмысына берілген жоғары баға екенін атап көрсетті.

НАУРЫЗ ӘУЕНДЕРІ ШАЛҚЫДЫ

Наурыз мейрамын тойлау бағдарламасы бойынша  бір күн «Наурыз әуендері» деп аталып, Петропавлда қоғамдық көліктерде  қазақтың қара домбырасы  күмбірледі.

«МАС ЖҮРГІЗУШІ» ІС-ШАРАСЫ

Облыс полицейлері «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның барысында салдары ауыр апаттарға әкеп соқтыратын жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, әсіресе, мас күйде көлік жүргізу фактілерін анықтауға ерекше назар аударылды. Тайынша ауданында отыз жасар азамат «Opel» көлігімен жолдың екі жағына да шығып жүріп келе жатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексерген кезде одан ішімдіктің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру …

«МАС ЖҮРГІЗУШІ» ІС-ШАРАСЫ Read More »