«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУҒАН ЖЕРГЕ КІНДІГІМЕН БАЙЛАНҒАН…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өнерсүйер қауым арасында Мағжан Жұмабаев ауданындағы Дүйсеке ауылында дүниеге келіп, көзі тірісінде айтыс сахнасында жұлдыздай жарқыраған Ерік Асқаровтың есімі ерекше ілтипатпен аталады.

Жастар сарайында өнер аспанынан құйрықты жұлдыздай ағып өткен тұлғаның туғанына алпыс жыл толуына орай “Қайың де мені көшпейтін туған өлкемнен” деген атаумен ұйымдастырылған республикалық ақындар айтысына жиналған халық та орнынан тұрып, ақын рухына тағзым етті. Аламан бәйгені Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізіп, кезінде Ерік Асқаровпен қатар өнер көрсеткен Аманжол Әлтаев, Айтақын Бұлғақов, Айбек Қалиев, Серік Құсанбаев, Қуаныш Мақсұтов сияқты айтыс тарландары сөз семсерін жарқылдатты. Қызылжар даласын жырға бөлеген осынау мерейлі шараның ашылуымен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет айтулы тұлғаны жас ұрпақтың жадында жаңғырту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды айта келіп, ақынның аяулы жары, ошағының отын сөндірмей, түтінін түтетіп отырған Нәсіпжан Медиқызына қамзол кигізіп, сый-құрмет көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Шығыс Қазақстан облысынан келіп, түйдек-түйдек жыр төккен Серік Құсанбаевқа бұйырды. Бірінші орынға шымкенттік Маржан Есжанова лайық деп танылды. Екінші орынды Қарағанды облысының атынан айтысқа түскен Аманжол Әлтаев иеленді. Үшінші орынды қызылордалық Мұхтар Ниязов пен түркістандық Бекарыс Шойбеков өзара бөлісті.
Аламан бәйге туралы мақаламыздың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқитын боласыздар.

Нұргүл ОҚАШЕВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp