«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮЙМЕДАҚТЫҢ ПАЙДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түймедақ гүлi өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына ем ретінде қолданылады. Өсiмдiктен алынған эфир майы жүйке жүйесiн жақсартып, ми тамырларын кеңiтедi. Асқазан-iшек жолдарының жұмысын түзеп, өттiң дұрыс істеуіне және тәбеттiң ашылуына көмектеседi. Бұлшықеттiң де жұмыс қабiлетiн арттырады.

Түймедақтың қабынуға қарсы, тер шығаратын, ауырған жерлердi тыныштандыратын, бұлшықеттердiң тырысуына қарсы әсер ететiн қасиеттерi де бар. Сонымен қатар қан тоқтатып, микробты жоятын дәрi ретiнде де кеңінен қолданылады. Халық медицинасында өсiмдiк гүлдерiнiң тұнбасынан жасалған дәрiлердi асқазанның, тоқ iшектiң қабынуын, бауырдың, бүйректiң, қуықтың ауруларын емдеу үшiн пайдаланады.
Суық тигенде екі шай қасық түймедақ гүлiн 300 гр. суға қайнатып, төрт сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны астан бұрын iшу қажет. Екі ас қасық гүл үгiтiндiсiн бір стақан қайнаған суға салып ішу керек. Сүзілген тұнбаны тер шығаратын дәрi ретiнде ыстықтай iшкен дұрыс. Бұл тұнба асқазан ауруына да көмектеседi. Бел ауырса, түймедақ гүлiн ұнтақтап тұзы жоқ сары майға араластырып, белге жағуға болады. Жүйкесі сыр берген адам түймедақ тұнбасы қосылған бу бұлауын қабылдаса, оның пайдасы орасан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp