Соңғы жылдары Петропавлда Наурыз мейрамы көпқабатты үйлердің аулаларында да тойлана бастады.
Биыл бұл дәстүр жалғасын таппақшы. Мерекеге әзірлік барысында алдымен тазалыққа көңіл бөлініп, облыс орталығының аулалары қысқы қар мен мұздан аршылып, қоқыстан тазартылып жатыр. Тұрғындар бірлесіп дастарқан жайып, балалар мен ересектер үшін түрлі мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылмақ. Жалпы Наурыз мейрамы биыл 300-дей көпқабатты үйдің ауласында тойланбақшы екен.