«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.03.2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Аса қадірлі Елбасы! Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері! Қымбатты отандастар! Кеше, 19 наурызда, бүкіл әлем жұртшылығы аса маңызды тарихи оқиғаға куә болды. Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған Ұлы тұлға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатты. Елбасының бұл маңызды шешімі оның жаһандық деңгейде және тарихи ауқымда танылған саяси қайраткер ретіндегі …

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ Read More »

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа  «Халық қаһарманы» атағын беріп, «Алтын жұлдыз» орденін табыс етті. «Аса қадірлі Елбасы, жиналған қауым! Менің Қазақстан Республикасының Президенті қызметімдегі бірінші шешімім  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы»  Конституциялық заңға және «Мемлекеттік наградалар» туралы заңға сәйкес, Тәуелсіз …

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ Read More »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының …

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРДІ Read More »

ҚР ОСК: ТОҚАЕВ СЕНАТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН ДОҒАРАДЫ

Бүгін, 20 наурызда, таңертең  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда үш мәселе  қаралды: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты  Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы; Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігінің Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшкені туралы.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТА ҚАНДАЙ МӘРТЕБЕ МЕН ӨКІЛЕТТІК САҚТАЛАДЫ

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты пікір білдірді.   

ТАРИXИ ТҰЛҒАНЫҢ ТАРИXИ ШЕШІМІ

«Бұл – тариxи тұлғаның тариxи шешімі». Белгілі саясаттанушы, тарихшы ғалым, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөніндегі шешіміне қатысты осылай пікір білдірді.

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖАЛҒАСАДЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банкі макроэкономикалық саясатты жалғастыра беретінін мәлімдеді. Үкімет пен Ұлттық банк халықтың әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсімді ұлғайту, инфляциялық үрдістерді төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп отырған саясат сақталатыны туралы мәлімдеді.   Үкімет пен Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының бұрын берген тапсырмалары мен жариялаған бастамаларын орындайтын болады. …

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖАЛҒАСАДЫ Read More »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ

  Құрметті қазақстандықтар, отандастар! Ардақты ағайын! Қадірлі әріптестерім,«Нұр Отан» партиясының мүшелері! Мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәттерінде халқыма үндеу жолдайтынымды білесіздер. Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ, бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл ­– оңай шешім емес. Биыл еліміздің ең жоғары лауазымындағы қызметімді атқарып келе жатқаныма …

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ Read More »

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

Бүгін  20 наурыз, сәрсенбі күні сағат 12.00 Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісетін адамның Қазақстан халқына ант беру рәсімі өтеді, деп хабарлайды “ҚазАқпарат”.      Бұл рәсім Елбасының өз өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына сәйкес белгіленді. Кеше Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің өкілеттігін тоқтату туралы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды уақытша басқаратынын …

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АНТ БЕРУ РӘСІМІ ӨТЕДІ Read More »