«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТА ҚАНДАЙ МӘРТЕБЕ МЕН ӨКІЛЕТТІК САҚТАЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесіне қатысты пікір білдірді.   

«Президенттік өкілеттігі тоқтағаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент – Елбасы мәртебесіне ауысты. Бұл саяси-құқықтық мәртебе «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңмен бекітілген. Аталған Заң Конституциялық екенін ерекше атап өткен жөн. Ол 2000 жылдың шідесінде қабылданып, 2010 және 2017 жылдары толықтырылды. Оның ішінде бастапқыдағы «Тұңғыш Президент» саяси-құқықтық мәртебесі Елбасы мәртебесімен кеңейтілді. Заңда президенттік өкілеттілік тоқтағаннан кейін, Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша құзыреті мен кепілдіктері, сондай-ақ саяси әрі құқықтық жағдайы белгіленген», – деп жазды Е. Қарин Telegram-дағы парақшасында.

Осы орайда Ерлан Қарин аталған заңға сәйкес, Тұңғыш Президент – Елбасы Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан халқы Ассамблеясын басқаратынын, Конституциялық Кеңестің құрамына енетінін еске салды.

Сонымен қатар, Елбасы ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде Парламентте, Үкімет отырыстарында сөз сөйлеуге құқылы.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік құрылыс, ішкі және сыртқы саясат, сондай-ақ ел қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелер бойынша бастамалармен Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға үндеу жасай алады.

Мұнымен қоса, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар қарастыруға міндетті болып саналады.

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша бастамалар міндетті тәртіпте онымен бірге келісуге жатады. Тұңғыш Президент-Елбасы қызметін қамтамасыз ету үшін Кеңсе құрылады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бөлімшесіне жүктеледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының Төрағасы болып қала береді. Партия мүшелері Парламент пен жергілікті атқарушы органдарда басым көпшілікке ие. Бір сөзбен айтқанда, әлемдік саяси тарихта жаңа феномен пайда болды – ол саяси көшбасшылықтың қазақстандық моделі», – деп түйді Ерлан Қарин.

https://www.inform.kz/kz/erlan-karin-nursultan-nazarbaevta-kanday-martebe-men-okilettik-saktalady_a3509221

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp