«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.03.2019

АЛАШТАН АТ ОЗДЫРҒАН АҚЫН

Қызылжар өңірі – әдебиет пен өнерде, білім мен ғылымда сайдың тасындай небір сайыпқырандар, тарлан таланттар, дара дарындар шыққан қасиетті мекен. Солардың қатарында Мағжан Жұмабаев ауданындағы Дүйсеке ауылында дүниеге келіп, көзі тірісінде айтыс сахнасында шолпан жұлдыздай жарқыраған ақын, аудармашы, драматург Ерік Асқаровтың есімі ерекше ілтипатпен аталады.

ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып Мұратбек Бегайдарұлы Зейнуллин тағайындалды. Осы тағайындауға дейін Мұратбек Зейнуллин облыстық дін істері жөніндегі басқарманың басшысы қызметін атқарды.

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу шеңберінде Көкшетау техникалық институтында «Ашық есік күні» өтті. Оған СҚО ТЖ департаменті мен өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мекемесінің аға инспекторлары Бахтияр Қайнетов пен Ерболат Азазов қатысты.

ЕРЕКШЕ ҚОЙЫЛЫМ

Жақында Достық үйінде Әбдіжәміл Нұрпейісовтың “Қан мен тер” романының француз тіліндегі театрлық қойылымы сахналанды.

БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Бүгіндері облыс аумағында тіршілік етіп жатқан барша күрд этносының атынан солтүстікқазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын! Босағамыздан енген Наурыз мерекесі әр отбасына береке, ошағына жылылық әкелсін. Биыл ұлық мерекені Достық үйінің алдында барлық этномәдени орталықтардың қатысуымен жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз. Онда өңірдегі барлық этнос өкілдері би билеп, ән айтып, ақ дастарқан жаяды.

МӘУЕЛІ БӘЙТЕРЕК

Ел үшін еңбек етіп, саналы ғұмырын ұрпаққа үлгі болатын игі іске арнаған адамдар әрқашан алғысқа бөленіп, бедел биігінен көрінеді. Сондай жанның бірі – Нұрымжан Сайдалыұлы. Бүгінде сексеннің сеңгірінен асқан тыл еңбеккері әулетінің ажарын келтірген зайыбы Шәмшімәну Абашқызымен бірге бақытты қарттықты бастан кешуде.

ЫРЫСЫМЫЗ ОРТАЙМАСЫН

Күн мен Түннің теңеліп, әз-Наурыздың табалдырықты аттайтын сәті туды. Жыл құсындай сағынысып көрісетін бұл мерекені бала кезімде кіндік қаным тамған жер – Жамбыл ауданына қарасты Айымжан ауылында мәре-сәре болып, ыстық ықыласпен ерекше тойлайтын едік. Еліміздің басты мейрамы бүгінде шетелде тұрып жатқан мен үшін ерекше ыстық. Жұбайымның қызметіне байланысты Ұлыстың ұлы күнін осымен алтыншы рет шетелде …

ЫРЫСЫМЫЗ ОРТАЙМАСЫН Read More »

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Еліміздің тұңғыш Перезиденті Нұрсұлтан Назарбаев “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласында: “Төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенемін. Өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі деге­ні­міз осы”, – деген болатын.

ХАЛЫҚ БОЛМЫСЫМЕН ТАМЫРЛАС

Осыдан төрт жыл бұрын мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Президент сайлауы қарсаңында хат жолдап, оған ағалық батамды беріп едім. Бұл әз-Наурыздың қарсаңы болатын. “Жасым тоқсаннан асып, Жамбылдың ғұмырына жақындап қалдым. Өткен ғасырда халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғалардың бәріне куә болдым.

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ

Дарқан даланы қызыл кілемге көмкеріп, көз қуантар әсемдікке бөлейтін қызғалдақтар – табиғаттың адамға сыйлаған тамаша тартуы. Бұл гүл көктем мезгілінің басында бүршік жаратындықтан, өзіміздің төл мерекеміз – әз-Наурыздың символы іспетті. Қазақ халқының түсінігінде қызғалдақ көктемнің, жаңа өмірдің, көрікті тіршіліктің хабаршысы болып табылады. Елімізде иісі жұпар гүлдерді өсіріп, сатумен айналысатындардың бірі – Қызылжар ауданындағы Петерфельд ауылында …

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ Read More »

ЖАСТАР ДА ҚОЛДАЙДЫ

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де Елордамыздың атауының Нұр-Сұлтан деп өзгертілуіне орай мерекелік концерт болып өтті. Студенттер мен оқытушылар бас қаламыздың жаңа атауын қолдау шарасын Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырды. Университеттің ғылым және инвестициялар жөніндегі проректоры Ақмарал Ибраева атап өткеніндей, әлем тарихында астананы көшбасшылардың есімімен атау үрдісі бұрыннан бар. “Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген …

ЖАСТАР ДА ҚОЛДАЙДЫ Read More »

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

Менің ата-анам 1944 жылы Қазақстанға жер аударылған. Балалық шағым Жамбыл облысында өтті. Наурыз мерекесінде ауылымызда арқа-жарқа той болатын. Бауырсақ жеп, көже ішкен бақытты сәт әлі күнге дейін есімде. Әжелеріміздің соңынан ерген қыз-келіншектер қазақтың ұлттық тағамдарымен бірге түріктің сумалягын да әзірлейтін. Оны дайындау барысы бірнеше күнге созыла­ды.

ШЕШЕ КӨРГЕН ТОН ПІШЕР

“Әз болмай, мәз болмайды” демекші Ұлыстың ұлы күні – Жер-Ананың тоң кеудесі жібіп, адамдар ерекше жылылық сезіміне бөленетін мейрам. Ұлттық құндылықтар да дәл осы кезде барынша ұлықталады. Ал қолөнер шеберлері жасаған заттарын кең алаңға алып шығып, сауданың көрігі қызады. Биыл Петропавл қаласының тұрғыны Сәния Әлкенова да әз-Наурызға атсалысып, қолдан тіккен ұлттық бұйымдарын жұртшылыққа ұсынбақ.

БАТАЛЫҒА БАҚ ҚОНАР

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында жасалатын жоралғылардың бірі – бата беру дәстүрі. Бата – халқымыздың танымында ақ тілеудің белгісі ретінде кез келген жерде, кез келген орында айтыла бермейтін қасиетті сөз. Ең жақсы батаны жұрт “ақ бата” деп қастерлеп, үнемі жадында сақтап, жаттап жүретін болған. Батаның маңызы онда айтылған ақ тілектердің түгелі дерлік орындалып кетуінде …

БАТАЛЫҒА БАҚ ҚОНАР Read More »

ҚАЗАҚСТАН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

Күн мен түн теңеліп, табиғат өзгеше қалыпқа еніп, тіршіліктің қайта түлер кезімен тұспа-тұс келетін Наурыз мерекесі бүгінде жалпыхалықтық сипатқа ие болып отыр деуге толық негіз бар. Ұлыстың ұлы күнін Қазақстандағы этностардың барлығы өздерінің төл мерекесіндей тойлайды. Жыл сайын қала орталығына жиналып, ұлтына, тіліне, дініне қарамай, бір үйдің баласындай, бес саусақтың саласындай тұтастықпен мерекені атап өтеміз.

КАРАТЕШІЛЕРДІҢ ЖЕҢІСТІ САПАРЫ

Семей қаласында  кёкушинкай каратеден өткен Қазақстан Республикасының  XXII чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысының командасы 13 жүлделі орынды иемденіп, екінші орынға шықты.

ҚҰРМЕТІМІЗ ШЕКСІЗ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік өкілеттігін тоқтату жөнінде шешім қабылдағанда көңіліміз толқыды. Аумалы-төкпелі жылдарда елімізді сүріндірмей, қиын сәттерден аман алып шыққан Тұңғыш Президентіміздің еңбегі ұшан-теңіз. Қазақстанды өркениет жолына бастап, қабырғалы халқының сенімін ақтауға тырысты. Сондықтан ол қолдау білдірген халқына Үндеу барысында алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.

СҰҢҒЫЛА САЯСАТКЕР

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеу жариялап, өз еркімен президенттік құзыретін тоқтатуы еліміз үшін күтпеген жағдай болды. Бұл – тарихтың қойнауына енген маңызы жоғары, мәні терең айтулы оқиға.

САРА ЖОЛДАН ТАЙМАЙМЫЗ

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешімі ешкімді бейжай қалдырған жоқ. Күтпеген хабарды қимастық сезіммен тыңдадым. Миллиондаған қазақстандықтар дәл осындай күйде деп ойлаймын. Бүгіндері Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев есімі санамызда егіз ұғымдай қалыптасып, бірлік пен тыныштықтың, береке мен дамудың символына айналды десек артық айтқандық емес.

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТҰЛҒА

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі шешімі бәріміз үшін де күтпеген жағдай болды. Мен де қатты толқыдым. Сол сәтте көңілімдегі қимастық сезімнің дарияның асау толқынындай тулағанын да несіне жасырайын. Ел тізгінін нық ұстап отырған, Қазақ елін әлемге танытқан тарлан тұлғаның мұндай шешімге бір күнде келмегені анық. Өйткені, …

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТҰЛҒА Read More »