«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАНЫШТЫ КҮН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Береке мен бірліктің тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа бөлер Ұлыстың ұлы күнін М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ерекше салтанатпен қарсы алды. Университет алдындағы алаңға киіз үйлер тігіліп, “Армысың, әз-Наурыз!” атты мерекелік концерт өтті.

Білім ордасының академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ербол Исақаев университет ұжымы мен жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтады. Думанды шарада білім беру саласындағы елеулі жетістіктері үшін университеттің бірқатар қызметкері Манаш Қозыбаев атындағы төсбелгімен марапатталды. Ал белсенді студенттер университет ректоры Серік Өмірбаевтың Алғыс хатына ие болды.
Өзбекстан елінен келген әнші Абиджан Шайлавбаев жиналғандарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, әннен шашу шашты. Студент жастар да ән шырқап, би билеп, асық, тоғызқұмалақ, шахмат ойнап, өзара сынға түсті. Жиналғандар палаудан дәм татып, риза көңілмен тарасты.

Алина НҰРТАЗИНА,  “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp