«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.03.2019

ӨЛКЕТАНУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Солтүстікқазақстандық өлкетанушылардың бір тобы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Үздік өлкетанушы» кеуде белгісімен марапатталды. Олардың арасында ардагер-ұстаз Қайролла Мұқанов,  Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың қызметкері Юлия Пискунова және Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиографы Майра Мақышева бар. Марапаттар Атырау қаласында өткен  өлкетанушылардың III Халықаралық форумы аясында тапсырылды.  

ҚУАНЫШТЫ КҮН

Береке мен бірліктің тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа бөлер Ұлыстың ұлы күнін М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ерекше салтанатпен қарсы алды. Университет алдындағы алаңға киіз үйлер тігіліп, “Армысың, әз-Наурыз!” атты мерекелік концерт өтті.

БОТАЙ – КӨНЕ ОЙЫН

Қазақта тәрбиелік мәні зор, баланың ойлау қабілетін арттырып, ептілікке үйрететін ұлттық ойындар аз емес. Сақа – сондай ойындардың бірі. Бірақ бір кем тұсы, оның ережесі еш жерде жазылмаған. Ұлттық спорт түрі саналатын ойынды қайта жаңғырту үшін үш жыл бойы ізденіп, көпті көрген аға буын өкілдерінен ойын жайлы мағлұматтар іздей бастадым.

МАҚСАТЫ – ЖҰБАЙЛАРДЫ ЖАРАСТЫРУ

Петропавл қалалық №2 сотында “Отбасылық сот” жобасын жүзеге асыру аясында отбасы кабинетінің салтанатты ашылуы болды. Жоба отбасы құндылықтарының басымдығын арттырып, ажырасу санын азайтуға, сондай-ақ, балалардың мүддесін қозғайтын дауларды болдырмауға бағытталған.

ҚАЛАМГЕР ЖОЛЫ

Біздер алапат соғыстың алдында туған балалар едік. Оның зардабын, қиыншылығын көрмеген бірде-бір отбасы болмаған шығар. Әкелеріміз соғысқа аттанды. Елде кемпір-шалдар, балалар қалды. Әйелдер болса майданға кеткен ерлердің орнына жұмыс істеді. Тұрмыс өте ауыр.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕКТІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен Қызылжар өңірінде болды. Премьер-министрдің орынбасары облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен және Төтенше жағдайлар қызметінің басшыларымен бірге тікұшақпен Есіл өзенінің бойындағы негізгі елді мекендерді аралап  көріп, Шал ақын ауданына бет алды. Мұнда  вице-премьер   Сергеев су қоймасында болып, өңірдің су тасқынына әзірлік шараларымен танысты. Жұмыс сапары барысында Жеңіс Қасымбек өткен …

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕКТІҢ ЖҰМЫС САПАРЫ Read More »

ТОҚСАН БІРІНШІ КҮЙ

Тоқсан түрлі күй шығарып, Арқа жерінде “Тоқсан күй” атанып кеткен өнерлі қарт болған. Оның домбырасының үні сан түрлі ойға жетелеп, жан тебіренткен. Тарихта қария күй тартқанда, адам түгіл, жүгірген аң мен ұшқан құс аялдаған деген аңыз да бар.

ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН БОКСШЫ ҚЫЗ

Қазақстандық бұрымды кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпованың (8-1, 4 КО) есімі елімізге ғана емес, әлем жұртшылығына да жақсы мәлім десек, артық айтқандығымыз емес. Бүгінде оның шаршы алаңдағы өнеріне дүниежүзінің спортсүйер жанкүйерлері оң бағасын беруде.

МАРАТ ТӘЖИН – МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен  Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.   www.akorda.kz

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ – ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылып,  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.    www.akorda.kz

ӘСЕТ ИСЕКЕШЕВ – ЕЛБАСЫ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Шешімімен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры болып тағайындалды. Бүған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Исекешев  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылған болатын. www.akorda.kz

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВТЫҢ ЖАҢА ҚЫЗМЕТІ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Марат Тасмағанбетов облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.  Марат Иманбайұлы 1971 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Рузаев ауданы Андреевка ауылында туған. Көкшетау ауылшаруашылық институтын  – ғалым-агроном мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.  Еңбек жолын 1994 жылы Көкшетау облысы Рузаев ауданының «Привольный» совхозында бригада есепшiсi …

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВТЫҢ ЖАҢА ҚЫЗМЕТІ Read More »

ЕЛЕУСІНОВТІҢ АЛТЫНШЫ ЖЕҢІСІ

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі алтыншы жекпе-жегін өткізді.

РОНАЛДУДЫҢ ЖАЗАСЫ

“УЕФА” туриндік “Ювентус” шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысты тәртіптік іс қозғады.

ЖАСЫЛ АЛАҢДАҒЫ ТӨБЕЛЕС

Спорт әлемінде ерлер ғана емес, нәзік жандар да бір-біріне жұдырық сілтеп жатады. Жуырда жасөспірімдер арасында өткен Еуропа чемпионатының элиталық кезеңінде Швейцария мен Ресейдің жас футболшылары жасыл алаңда төбелесіп қалды.

ОЛИМПИАДАҒА БІР ҚАДАМ

Джиу-джитсу 2022 жылы өтетін XIX жазғы Азия ойындарының бағдарламасына ресми түрде енгізілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Джиу-джитсу қауымдастығы мәлімдеді.