«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгіндері облыс аумағында тіршілік етіп жатқан барша күрд этносының атынан солтүстікқазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын! Босағамыздан енген Наурыз мерекесі әр отбасына береке, ошағына жылылық әкелсін. Биыл ұлық мерекені Достық үйінің алдында барлық этномәдени орталықтардың қатысуымен жоғары деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз. Онда өңірдегі барлық этнос өкілдері би билеп, ән айтып, ақ дастарқан жаяды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қызылжар өңірінде күрдтер өзге этнос өкілдерімен бірге тату-тәтті тіршілік етуде. Мәселен, облыста күрдтердің этномәдени орталығы жұмыс істейді. Біз Петропавл қаласындағы Достық үйінде өз ұлтымыздың дәстүрі мен ғұрыптарын өскелең ұрпаққа насихаттауға мүмкіндік алып отырмыз. Этномәдени бірлестік мүшелері күрдтердің ұлттық өнерін насихаттап, түрлі облыстық, республикалық іс-шараларға атсалысып жүр. Күрдтердің этномәдени бірлестігінің төрағасы ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің ішкі саяси тұрақтылығын сақтаудағы маңызын ерекше атап өткім келеді. Мемлекетімізде ешқандай ұлтаралық түсініспеушілік жоқ. Барлық мәселелер келісіммен, достық қарым-қатынас арқылы шешіледі. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша алғыс білдіреміз.
Қазіргі кезде Қызылжар өңірінде үш жүзге жуық күрд этносының өкілі тұрады. Олар қоғамның түрлі саласында еңбек етіп, тәуелсіз мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өздерінің үлесін қосып келеді. Арамызда шағын және орта бизнес өкілдері, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының мамандары бар. Қызылжар ауданының Знаменское ауылында отыздан астам күрд отбасы тұрады. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысады.

Рашит НАДИРОВ, күрдтердің “Барбанг” этномәдени орталығының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp