Қызылжар өңірінде тәртіп сақшылары «Пәтер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Арнайы құрылған іздестіру топтары ұрланған заттар сатылуы мүмкін орындарды тексеруге баса назар аударған. Соның нәтижесінде осыған дейін жасалған 23 ұрлықтың беті ашылды. Олардың 8-і өткен жылдардан бері ашылмай келе жатқан екен.
Осы жолы қолға түскендердің бірі – 42 жастағы петропавлдық ұры үй иелерінің жоқтығын пайдаланған. Ол терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы 1,5 миллион теңгенің дүниесін қолды қылған. Күдікті қамауға алынды.
Облыс бойынша биылғы жыл басталғалы 256 пәтер ұрлығы тіркелген екен.