«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.03.2019

КЕНЕН ӘЗІРБАЕВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ

Ертең С. Мұқанов атындағы облыстық-ғылыми әмбебап кітапханада халық ақыны, әншілік-жыршылық дәстүрдің көрнекті өкілі Кенен Әзірбаевтың  туғанына 135 жыл толуына орай  әдеби шара өтеді. Жиынға  дарынды тұлғаның ұлы, сазгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Кененұлы, профессор Серік Негимов бастаған танымал тұлғалар қатысады  деп күтілуде. Шара барысынжа ақынның шығармашылық мұрасы, өмір жолы жайынжа «Алатаудың ақиығы» атты деректі …

КЕНЕН ӘЗІРБАЕВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ Read More »

ЖЕДЕЛ ШЕШЕДІ

Елбасы тапсырмасына сәйкес, алдағы 1 сәуірден бастап аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы күшіне енеді. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «111 шұғыл қызмет» бірыңғай байланыс орталығы базасында атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін «шұғыл желіні» ашты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Енді «111» тегін нөмірі бойынша анықтамалық ақпаратты, …

ЖЕДЕЛ ШЕШЕДІ Read More »

ДЕНСАУЛЫҒЫҢ – ӨЗ ҚОЛЫҢДА!

Өңірімізде колоректалды обыр ауруының алдын алу бойынша айлық өтуде. Осыған орай облыстық онкологиялық диспансерде баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. 

ҰЛТТЫҚ НЕГІЗДЕ РӘСІМДЕУДЕ

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттарын ұлттық негізде рәсімдеуге көшті. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Тіл саясаты комитеті мен «Тіл-Қазына» ҰҒПО-ның 50-ден астам қызметкері құжаттарды ауыстыру жөнінде елордалық Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш білдірді. Олар құжаттарды рәсімдеу қандай да бір …

ҰЛТТЫҚ НЕГІЗДЕ РӘСІМДЕУДЕ Read More »

«САРЫАРҚА» ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ БІР ШАҚЫРЫМЫ САЛЫНДЫ

Өткен жылы тамыз айында Үкімет мақұлдаған «Сарыарқа» газ құбырын тарту жобасының құны – 267,3 млрд теңге. Қараша айында «АстанаГаз ҚМГ» АҚ мен мердігер компания – «Қазқұрылысқызмет» АҚ арасында тиісті келісімшартқа қол қойылды. Қазіргі кезде барлық қажетті теxника мен мамандар тартылды. Дәнекерлеу жұмыстары басталды. «Сарыарқа» газ құбырының шамамен1300 метрі салынды», – деді   Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Парламент …

«САРЫАРҚА» ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ БІР ШАҚЫРЫМЫ САЛЫНДЫ Read More »

FACEBOOK ЖЕЛІСІНЕ ТІРКЕЛДІ

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов  Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты.   «Құрметті достар, қазіргі таңда әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе, Facebook жариялылық пен ашықтық саясатының нышаны іспетті. Атқарушы билік пен халық арасында көпір орнатқан таптырмас желі. Осының барлығын ескере отыра, мен Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшамды ашуды ұйғардым. Жеке парақшамда Солтүстік Қазақстан …

FACEBOOK ЖЕЛІСІНЕ ТІРКЕЛДІ Read More »

АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Алқалы жиынға комиссия мүшелері, басқарма басшылары және тікелей байланыс режімінде аудан әкімдері қатысты.

ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ!

БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАДЫ Осыдан жиырма жылдан астам уақыт бұрын Сарыарқа төсінде бой көтерген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сайын даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық. Бұл еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл саяси шешімі еді. Ендеше, оның атауының Нұр-Сұлтан болып өзеруі құптарлық іс. Осыған орай облыс орталығында өткен шараға жиналғандар Елбасының …

ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ! Read More »

ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек өңірімізге жұмыс сапары барысында Шал ақын ауданына ат басын тіреп, алдағы көктемгі су тасқынына әзірліктің барысымен танысты.

ХАТШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ АУЫСТЫ

Достық үйінде өңір басшысының орынбасары Мадияр Қожахметтің қатысуымен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы кеңесінің, құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

«ЗОРЛЫҚ -ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҮЙ»

Қызылжар өңірінде «Зорлық-зомбылықсыз үй» акциясы жүргізілді. Оның барысында тәртіп сақшылары  арнайы профилактикалық есепке алынған 120-дан астам отбасын аралап, олардың жағдайымен танысты. Ішімдікке әуес, отбасының шырқын алушылар бұл жолы да табылып, 20 шақтысына әкімшілік хаттама толтырылды. Олар ескертуді елемесе, келесі жолы жауапқа тартылады. Мамандардың айтуынша, отбасында жәбірлегендердің көпшілігі өзінің жағдайы туралы  жария еткілері келмейді. «Әй» дер …

«ЗОРЛЫҚ -ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҮЙ» Read More »

СЕН КЕЛДІҢ ДЕ ТІРШІЛІКТІ ЖАЙНАТТЫҢ

Айналаға нұр шашқан шуақты көктеммен қауышып, әз-Наурызда мәре-сәре болған қызылжарлықтар Ұлыстың ұлы күнін барлық сән-салтанатымен атап өтті. Облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет орталық алаңға жиналған жұртшылықты Наурыз мейрамымен құттықтады.

АУЫЛДАҒЫ ДҮБІРЛІ ТОЙ

Береке мен молшылықтың бастауы саналған Ұлыстың ұлы күнін Уәлиханов ауданындағы Мырзағұл ауылының тұрғындары да ерекше атап өтті. Халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан тойдың төресінің өз деңгейінде ұйымдастырылуына еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін атсалысты десек, артық айтқанымыз болмас.

АРНАЙЫ МАМАНДАР ТАПШЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен “дөңгелек үстел” басында “Nur Otan” партиясы “Болашақ” филиалының белсенділері инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылады.

АТАҚОНЫС АУЫЛЫН АРДАҚТАҒАН

Қазіргі Жамбыл ауданындағы Қарақамыс ауылының тумасы, өңірімізге танымал журналист Амандық Жантеміровті телестудияда еңбек еткен кезден бері білемін. Оған да жиырма жылдан астам уақыт өтіпті. Ол кезде Әбекең облыстық телеарнадағы басшылардың бірі болатын. Бірнеше жыл бір кабинетте отырып, еңбек еттік. Кейін өзі қызмет жолын бастаған “Soltústik Qazaqstan” газетіне қызметке кетерде әзілдеп: “Газетте саған орын әзірлей берейін”, …

АТАҚОНЫС АУЫЛЫН АРДАҚТАҒАН Read More »

ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ КӨРСЕТЕЙІК

Елдің шетінде, желдің өтінде тұрған Қызылжарда қара көздердің өзге тілде шүлдірлеуіне етіміз үйреніп кеткендей. Ондайлар ел ертеңі – жастардың арасында да аз емес. Олардың намысын қалай қамшылауға болады, неліктен ана тілімізді дамытуға, қолданыс аясын кеңейтуге құлықсызбыз? Осы мәселелер мені қатты алаңдатады.

ПОЭЗИЯ КЕШІ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Дүниежүзілік поэзия күніне орай фестиваль өтті. Оның барысында 38 жас ақынның шығармашылығы бағаланды. Нәтижесінде 16 жасқа дейінгі аталымда “Притча о путнике” туындысымен петропавлдық Ангелина Куренкова топ жарды. Кеш барысында оқырмандардың дауыс беруі бойынша жеңімпаз атанған қаламгер де жырдан шашу шашты. Ал Илья Филин блюз және рок түрінде жазылған әндерімен …

ПОЭЗИЯ КЕШІ Read More »