«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек өңірімізге жұмыс сапары барысында Шал ақын ауданына ат басын тіреп, алдағы көктемгі су тасқынына әзірліктің барысымен танысты.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов алдымен вице-премьерге Шал ақын ауданының Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі жайында баяндады. Қазіргі уақытта Сергеевка су қоймасы 93 пайызға толған. Синоптиктердің болжамы бойынша, сәуір айында ауа райы күрт жылынып, температура кей жерлерде 18-20 градусқа дейін көтеріледі. Қалың қардың еруінен өзен суының деңгейі ернеуінен асуы мүмкін.
Бұдан кейін Үкімет басшысының орынбасарына жергілікті құтқарушылардың көктемгі су тасқынына дайындығы барысы баяндалды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Рамиль Камаловтың айтуынша, қазіргі уақытта жергілікті құтқарушылар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен. Биыл қар өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп түскені белгілі. Су тасқынына қарсы шараларды ұйымдастыру барысында 90-нан астам елді мекен назарға алынған. Сондай-ақ, төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарына жедел әрекет ету жасағының 1400 өкілі, 730 арнайы техникасы дайын.
Жеңіс Қасымбек күн күрт жылыса, қар суының қаупі еселене түсетінін, көктемгі су тасқыны барысында тұрғындардың қауіпсіздігіне көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға жағдайды үнемі бақылауда ұстап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуді тапсырды.
Кейін мейман тікұшақпен Есіл өзенінің бойындағы су басу қаупі жоғары елді мекендерді, Петропавл қаласындағы Былғары зауыты, Заречный кенттерін аралап, жергілікті тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Сондай-ақ, Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылында болып, жергілікті диқандардан көктемгі егіс жұмыстарына дайындығы жөнінде сұрап білді.
Ал жұмыс сапарының соңында “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қайталама полимерлерді өңдеудің толық циклімен металпластикалық бұйымдар шығаратын зауытын аралап, “Қарапайым заттар экономикасы” тақырыбында өткен кеңеске қатысты.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltústik Qazastan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp