«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРНАЙЫ МАМАНДАР ТАПШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен “дөңгелек үстел” басында “Nur Otan” партиясы “Болашақ” филиалының белсенділері инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылады.

Қатысушылардың пікірінше, қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп директорлары мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуға қабылдауға құлықсыз. Бұл – инклюзивті білім берудің басты проблемаларының бірі. Одан басқа, оқу орындарында инклюзивті білім беретін мамандар санының аздығы байқалады.
“Дөңгелек үстел” басында атап көрсетілгендей, мұндай мамандар тьютор деп аталады. Олар әдеттегі жалпы білім беретін мектептің барлық оқушыларымен жұмыс барысында ерекше қажеттіліктері бар бала үшін көмекші болып табылады. Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мекемелерінде оқуға құқығы бар. Сондықтан барлық жоғары оқу орындарында мұғалім мамандығына оқитын студенттерге арналған инклюзивті білім беру пәнін жаппай енгізу қажеттілігі туындайды. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде инклюзивті білім беру пәні бойынша 239 студент оқиды.
– Қазір біз мамандарды арнайы даярлап жатырмыз. Өйткені, мұндай балаларға ерекше көзқарас қажет. Практикалық сабақтар барысында біз студенттермен бірге білім беру үлгісін үйренеміз, басқа да мамандармен өзара іс-қимыл құруды анықтаймыз. Мысалға, бүгінгі таңда аутист балалар саны көбейіп кетті. Осындай бүлдіршіндерді оқуға ынталандыру керек және оларға ерекше көзқарас қажет, – деді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің “Арнайы және әлеуметтік педагогика” кафедрасының аға оқытушысы Любовь Окунева.

Ілияс СӘБДЕНОВ, “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp