«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИООТЫН – ЭНЕРГИЯ КӨЗІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы жылдары өркениетті елдер сияқты біздің еліміз де жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бағытында қадам жасауда. Мақсат – мұнай, газ, көмір, уран сияқты таусылатын қазба байлықтарды үнемдеп, оны баламалы энергия көздерімен алмастыру. Мұның бір жолы – сабанмен жағылатын биоқазандықтар.

 

Бұл бағыттағы жұмыстар біздің облыста да қолға алынуда. Бүгіндері облысымыздың әлеуметтік мекемелердің ғимараттарында орнатылып, нысандар арзандатылған, тиімді және қоршаған ортаға қауіпсіз отын түрімен жылытуға көшуде.

Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық басқармасы мамандарының айтуынша, өңіріміздің бірқатар аудандарында “жасыл экономикаға” көшудің тиімді жолдары қарастырылуда.

– Біздің елімізде 2030 жылға қарай баламалы энергия үлесін 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Осыған орай соңғы жылдары биоотын өндірісін қарқынды дамыту мәселесіне басымдық берілуде. Мәселен, өңірімізде мектеп пен аурухана сынды әлеуметтік нысандардың электр энергиясы мен жылуға жұмсап отырған шығынын азайту мақсатында сабанмен жағылатын қазандықтарды орнату жұмыстары қолға алынды. Бүгіндері облыс бойынша биомассамен жағылатын 95 қазандық орнатылса, оған жалпы 61 бюджеттік ұйым қосылды. Нәтижесінде бұл ұйымдар биылғы жылыту маусымында 21 мың тонна көмірді, яғни 151 млн. теңгені үнемдеді, – дейді басқарма басшысы Әділбек Әубәкіров.

Үстіміздегі жылы облыс бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тағы 30 қазандық орнату жоспарлануда. Нәтижесінде жылытудың осы түріне тағы 50 нысан қосылып, бюджеттік мекемелердің саны 32-ге артпақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp