«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРЫС БОЙТҰМАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Амстердамда футболдан Нидерланды – Германия арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы алдындағы шоуда “ЕУРО – 2020” турнирінің ресми бойтұмары таныстырылды.

Матчқа жиналған 55 мың көрерменге көрсетілген бойтұмар “Скиллзи” деп аталады. Ағылшын тілінен аударғанда “skills” сөзі дағдылар дегенді білдіреді. Бойтұмар футбол фристайлшысы ретінде жасалған.
Еуропа чемпионаты 2020 жылы жазда өтеді. Оған 24 құрама қатысады. Бір қызығы, бұл турнир алғаш рет 12 елдің 12 қаласында өтеді. Атап айтқанда, қалалардың тізіміне Амстердам, Баку, Бильбао, Будапешт, Бухарест, Глазго, Дублин, Копенгаген, Лондон, Мюнхен, Рим және Санкт-Петербург енген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp