Қызылорда облысының аумағында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының бортындағы 13 адамның бәрі қаза тапты.
Тікұшақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінікі. 4 әскери тікұшақ Ақтаудан Шымкентке ұшып шыққан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу-жаттығуы аясында қараңғыда әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген. Апатқа ұшыраған тікұшақтың бортындағылардың барлығы әскери қызметшілер.