Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті отставкаға кетті.
Гафур Рахимовтың мәлімдемесі 22 наурыз күні www.aiba.org сайтында жарияланды. Онда “AIBA” басшысы оған қарсы айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын айтқан. “Дегенмен, мен боксқа және спортшыларға қызмет ету үшін қолдан келгенді істедім”, – деді ол.
Гафур Рахимов 2018 жылдың қараша айында Халықаралық бокс қауымдастығының президенті болып сайланғаннан кейін бұл ұйым олимпиадалық бокс бағдарламаларын қаржыландыруды және 2020 жылғы Токио Олимпиадасына боксшыларды іріктеу бағдарламасын тоқтатты.
“AIBA-ның” уақытша басшысы қауымдастықтың сенбі күнгі атқару комитетінің шұғыл отырысында белгілі болды. Енді бұл міндетті Африка бокс конфедерациясының басшысы Мұхамед Мұстасан атқарады.