Өткен жылы тамыз айында Үкімет мақұлдаған «Сарыарқа» газ құбырын тарту жобасының құны – 267,3 млрд теңге. Қараша айында «АстанаГаз ҚМГ» АҚ мен мердігер компания – «Қазқұрылысқызмет» АҚ арасында тиісті келісімшартқа қол қойылды. Қазіргі кезде барлық қажетті теxника мен мамандар тартылды. Дәнекерлеу жұмыстары басталды. «Сарыарқа» газ құбырының шамамен1300 метрі салынды», – деді Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Парламент Мәжілісінде өткен «дөңгелек үстелде».
«Сарыарқа» газ құбырының алғашқы кезеңі Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау мен Нұр-Сұлтан бағыты бойынша салынады. Осының арқасында құбырға жақын орналасқан 740 мың адамды табиғи газбен қамтасыз етуге мүмкіндік бар.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде Қарағанды мен Ақмола облысында, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында магитстральды құбырға қосылып, газды xалыққа тарату бойынша дайындық жұмыстары басталды.
https://www.inform.kz/kz/saryarka-gaz-kubyrynyn-algashky-shakyrymy-salyndy_a3511555