2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы матчта біздің қақпаға төрт бірдей гол соғылды.
Ойын басталысымен қонақтар қақпадан саңылау табуға тырысты. Кездесудің 19-шы минутында қарсылас команданың ойыншысы Денис Черышев мергендік танытып, есепті ашты. Ал бірінші таймның соңында тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. 52-ші минутта Артем Дзюба қорғаныстағы өрескел қателікті сәтті пайдаланып, есепті арттырды. Ал арада он минут өткенде ресейлік қорғаушы Магомед Оздоевтың соққысынан кейін Абзал Бейсебеков өз қақпасына доп дарытты.
Осыдан екі күн бұрын өз алаңында Шотландияны 3:0 есебімен ұтқан жерлестеріміздің еншісінде үш ұпай бар.