«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАТШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ АУЫСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Достық үйінде өңір басшысының орынбасары Мадияр Қожахметтің қатысуымен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы кеңесінің, құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

– Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов өз өтініші бойынша қызметінен босатылды. Ол соңғы жылдары өңірімізде этносаралық, конфессияаралық бірлікті сақтау мәселесінде жемісті еңбек етті. Енді педагогикалық қызметпен айналысуды ұйғарған Наиль Камилұлы конкурстық рәсімдерден сәтті өтіп, №21 орта мектепке директор болып тағайындалды. Өңір басшылығы оның орнына Мұратбек Зейнуллинді лайықты деп ұсынып отыр. – Мұратбек Бегайдарұлы Ақмола облысының Зеренді ауданында туған. Жоғары білімді, еліміздің қорғаныс істері саласында еңбек еткен. Соңғы алты жыл бойы облыстық дін істері басқармасына жетекшілік етті. Жаңа қызметті атқаруға білімі де, тәжірибесі де жетеді, – деді Мадияр Дүйсенбайұлы.
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. “Кентрон” армян этномәдени орталығының төрағасы Геворг Геворкян барлық қатысушылар атынан Наиль Салимовқа педагогикалық жұмыста табыс, ал Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Зейнуллинге жаңа қызметіне жеміс тіледі.

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp