«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ІЗГІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда Шал ақын ауданына қарасты Ступинка ауылында жұртқа үлгі боларлықтай қайырымдылық жасалды. Тілсіз жаудың кесірінен үйінен айырылған көпбалалы отбасы баспаналы болды.

Сергеевка қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекендегі өрт алты сағатта ауыздықталғанымен, тұрғын үй толығымен жанып, күлге айналды. Абырой болғанда 37 жастағы әйел 4-12 жас аралығындағы балаларын отқа оранған үйден шығарып үлгерді.

Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Айнагүл Ғаббасованың айтуынша, қиындыққа ұшыраған отбасына аудан әкімдігі, жергілікті атқарушы органдар, жеке кәсіпкерлер және жергілікті тұрғындар көмек қолын созды.

– Халқымызда “Қайырымдылық – сауапты іс” деген аталы сөз бар. Аудан тұрғындарының басына іс түскен кезде аудан әкімдігі де шет қалмады. Отбасыға резервте тұрған баспана бөлініп, оған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Пластикалық терезелер орнатылып, іші жиһаз, ыдыс-аяқ және тұрмыстық техникамен толтырылды. Ұйымшылдық танытқан шалақындықтар бұл жұмыстарға бір адамдай атсалысып, қиын жағдайға тап болған отбасыға отын мен көмірге дейін жеткізіп берді, – дейді Айнагүл Біржанқызы.

Бірер жыл бұрын “Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару” бағдарламасы аясында Түркістан облысынан көшіп келген отбасы жерлестеріне алғыстарын айтуда. Отағасы Қуанышпек Жұбайылов жергілікті агроқұрылымда жұмыс істесе, балалардың анасы Бибінұр Бексейітова ауыл мектебінде мұғалім.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp