Облыс әкімінің өкімімен Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Марат Тасмағанбетов 1971 жылы туған. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын агроном, Алматы экономика және статистика институтын экономист мамандықтары бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 1994 жылы бұрынғы Көкшетау облысының Рузаев ауданындағы “Привольный” кеңшарында бригада есепшiсi болып бастаған.
1995-2000 жылдары – Целинный ауданындағы “Западный” кеңшарының бас агрономы, “Западное Казахстан” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болды.
2000-2006 жылдары Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның “Вест” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарды.
2006-2014 жылдары Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әкiмi болды.
2014 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Петропавл қаласының әкiмi қызметін атқарды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.