«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛӨНЕРДІҢ ОЗЫҚ ҮЛГІЛЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ тағам сақталатын ыдыстарға аса мән берген. Олар ыдысты көбіне ағаштан, мал терісінен, металдан және саз балшықтан жасаған. Қазақтың тұрмысында күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан тұрмыстық бұйымдар, ыдыс түрлері сан ғасырлар сынынан өтіп, қолөнердің озық үлгілері болып табылады.

Көшпенділер өмір салтына байланысты қазақтардың ыдыстары алғашқыда тек теріден және ағаштан жасалған. Себебі, ол кезде азық салуға, оны дайындауға сынбайтын ыдыстар қажет болған-ды.
Саба – қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс. Ол тұтас теріден (екіден бес теріге дейін) тігіледі. Әрқайсысының өз аты болған. Мысалы, “Бес биенің сабасы”, “Тай жүзген” … т.б.
Сүйретпе – ақ түйенің мойын терісінен қымыз ашыту үшін жасалған ыдыс.
Торсық – сусын құю үшін ысталған теріден жасалған шағын ыдыс.
Жанторсық – жолға шыққанда сусын құйып, жанға байлап жүретін ыдыс.
Талыс – жылқының бас терісінен жасалған зат салып қоятын ыдыс.
Мес – емдік қасиеті бар, бітеу сойылған ешкі терісінен қымыз құю үшін жасалған ыдыс.
Қауға – малдың терісінен жасалған, құдықтан су тартып алуға арналған шелек.
Көнек – ірі қараның бас немесе мойын терісінен жасалған, бие саууға арналған шүмегі бар ыдыс.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp