«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.03.2019

ДҮКЕНДЕГІ ӨРТ

Облыс орталығындағы Смирново көшесінің бойында орналасқан “Кама” дүкенінің азық-түлік қоймасынан өрт шықты. Төтенше жағдай туралы хабар “101″ телефон нөміріне кешкі он жарымға қарай келіп түскен. Қалалық №3 мамандандырылған және №1 өрт сөндіру бөлімдерінің 19 қызметкері оқиға орнына сегіз минуттан соң жетті. Екі учаскеге бөлінген өрт сөндірушілер алты техниканың көмегімен тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Үйлер мен …

ДҮКЕНДЕГІ ӨРТ Read More »

АЛДАҒЫ АУА РАЙЫ

Синоптиктер 30 наурыз – 1 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын айтты. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады. “20 наурыздан астрономиялық көктемнің басталуымен ауа температурасының тез жоғарылауы күтіледі. Көктемгі ауа райының құбылмалы болуы циклондар мен антициклондардың тез алмасуымен байланысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша жауын-шашын болжанып отыр”, – деді “Қазгидромет” өкілдері. …

АЛДАҒЫ АУА РАЙЫ Read More »

КЕНЕН ӘЗІРБАЕВТЫҢ ҰРПАҒЫ – ҚЫЗЫЛЖАРДА

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада халық ақыны, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті. Онда әдебиетсүйер, өнерсүйер қауым  айтулы тұлғаның Жетісу өңірінен арнайы келген ұрпақтарымен кездесіп, Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы айтылған естеліктерге құлақ түрді.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биыл елімізде Жастар жылы болып жарияланды. Осыған орай облысымызда жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында қандай іс-шаралар атқарылуда, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, олардың білімді, бәсекеге қабілетті болып өсуі бағытында алдағы уақытта жастар ұйымдары билік өкілдерімен қандай бірлескен жұмыстар атқармақ? Бүгін алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті  отыз екінші сессиясында халық қалаулылары …

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ Read More »

ТІРКЕУ ЖАЛҒАСАДЫ

Бүгіндері ел бойынша көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған көмекті алу үшін тіркелу шарасы жүріп жатыр. Жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтінішпен кепіп жатқандардың қатары қалың. Осыған байланысты құжаттарды қабылдау және тіркеу 1-ші сәуірге дейін, алдағы демалыс күндері де жүзеге асырылады. Ұзын-сонар кезекті болдырмау үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы көші-қон қызметі өкілдерінің саны көбейтілді.  

ДӘСТҮРЛІ ДОДА

Петропавлда жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен КСРО-ның спорт шебері Василий Левчукті еске алуға арналған  ашық турнир өтті. Осымен үшінші рет ұйымдастырылған  дода  “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде өтті. Бәсекеде Қазақстанның бірнеше қаласы мен Ресей және Тәжікстан елдерінен келген 11-14 жастағы 85 балуан бірнеше  салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Турнирге грек-рим күресінен …

ДӘСТҮРЛІ ДОДА Read More »

САЛҒЫРТТЫҚ САЛДАРЫ

Соңғы күндері өңірімізде пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан екі отбасында иіс тию фактісі тіркелді.  Алғашқы оқыс оқиға 24 наурыз күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы – Новоишимка ауылында болды. Салғырттық салдарынан 49 жастағы үй иесі мен оның 2001 және 2010 жылдары туған қыздарына иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді. Бүгіндері ер адам ауыр халде жатыр, …

САЛҒЫРТТЫҚ САЛДАРЫ Read More »

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының сарапшылары Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті.

ИММУНДАУ БАСТАЛАДЫ

1 сәуірден  бастап халықты қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қызылшамен сырқаттану бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты брифинг өткізді. ” 9 айға толған балалар, егу мәртебесі белгісіз 30 жасқа дейінгі адамдар, бұрын егілмеген және қызылшамен ауырмаған, 5 және одан да көп жыл бұрын инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы егілген адамдар, …

ИММУНДАУ БАСТАЛАДЫ Read More »

ІЗДЕУДЕГІ АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

Петропавл қалалық полиция басқармасының бірінші полиция бөлімшесіне ломбардта жұмыс істейтін әйел келіп, белгісіз адамға 70 мың теңге ақшасын бере салғанын айтып шағымданған. Жедел іздестіру шараларына кіріскен полицейлер күдіктінің белгілерін анықтап, оларды барлық патрульдар мен бекеттерге таратады. Соның нәтижесінде “Келлеровка” бекеті патрульдік полиция батальонының қызметшілері жүргізушілердің бірінен алаяқты танып, қолға түсірді. Орал қаласының 30 жасар тұрғыны …

ІЗДЕУДЕГІ АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ Read More »

ЕКІНШІ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ

Петропавлда Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші кезеңі өтіп жатыр. Облыс бойынша мектеп бітірушілердің жартысынан астамы биыл тестілеуден өтуге өтініш білдірген екен.

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

Қазақстанның тумасы, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының полицейі Димаш Ниязов Жайық өзенінде қызды құтқарамын деп ажал құшқан атыраулық әріптесі Шалқар Ақымғалиевті құрметпен еске алып, өзінің “Instagram” парақшасында осы оқиғаға қатысты пікірін білдірген. “Менің айтарым біреу ғана: Шалқар – нағыз батыр. Ол полицияда лайықты азаматтар еңбек етіп жүргенін дәлелдеді. Қазақстанның ішкі істер министрлігіне осындай батырды тәрбиелеп шығарғаны үшін …

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ Read More »

ТЕАТР ТҮНІ

Н.Погодин атындағы орыс драма театрында қала қонақтары мен тұрғындар  “Театр түнін” тамашалады.

ШАМПУНЬ ІШІНЕН ЕСІРТКІ ШЫҚТЫ

Ресей мен Қазақстан арасындағы көлік қатынасының негізгі бөлігі “Қызылжар” автомобиль өткізу бекеті арқылы өтеді. Алайда, жолаушылардың бәрі бірдей заңды сақтай бермейді. Шекарашылардан жасырып, көзден тасалап контрабандалық заттарды арғы бетке өткізіп алғысы келетіндер аз емес. Мәселен, жуырда бір жеңіл автокөлікті тексеру барысында шекарашылар жерлес азаматтың белдігіне ерлерге арналған “Сlear Men” шампунын қыстырып алғанын байқайды. Тексеріп қараса, …

ШАМПУНЬ ІШІНЕН ЕСІРТКІ ШЫҚТЫ Read More »

ТҰМАН ТҮСІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды болады,  оңтүстіктің кей жерлерінде нөсер жаңбыр күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-шығысында күн ашық болады. Кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жел күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтілуде.  Түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз кей жерлерде желдіңекпіні 15-20 …

ТҰМАН ТҮСІП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ Read More »

БИЗНЕС ИДЕЯДАН БАСТАУ АЛАДЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада бизнесін ашуға ниет қойған қала тұрғындары үшін семинар ұйымдастырылды.

ТЫҢ ДЕРЕКТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві семинар өткізіп, онда архив жұмысын жетілдіру және мәліметтер қорын толықтыру бойынша жұмыстар пысықталды. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архив қоры тарихымыздан тың сыр шертетін құнды құжаттармен толықты. Архив директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша, мұрағатшылар Ресей облыстарында болып, Абылай хан туралы көптеген мәліметтерді іздеп тапқан. Бүгінде Елбасымыздың “Архив – 2025″ бағдарламасын ойдағыдай іске асырылуда. Өңірлік …

ТЫҢ ДЕРЕКТЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ Read More »

ЖОЛ БЕРМЕСЕҢ, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІҢ

Апат орнына асыққан өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктеріне жол беруге ықылас танытпайтындар жоқ емес. 27 наурыз күні жолға шыққан полицейлер мен өрт сөндірушілер осындай жайтқа көз жеткізді. Дыбыс және жарық сигналына мән бермей, немқұрайдылық танытқан жүргізушілер қатары аз емес екен. Тәртіп сақшылары осы ретте жол жүру тәртібін бұзғандардың әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеді. Арнайы техникаға …

ЖОЛ БЕРМЕСЕҢ, АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІҢ Read More »