Синоптиктер 30 наурыз – 1 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын айтты. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады. “20 наурыздан астрономиялық көктемнің басталуымен ауа температурасының тез жоғарылауы күтіледі. Көктемгі ауа райының құбылмалы болуы циклондар мен антициклондардың тез алмасуымен байланысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша жауын-шашын болжанып отыр”, – деді “Қазгидромет” өкілдері.
Дереккөз: Tengrinews.kz.