«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДҮКЕНДЕГІ ӨРТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы Смирново көшесінің бойында орналасқан “Кама” дүкенінің азық-түлік қоймасынан өрт шықты.
Төтенше жағдай туралы хабар “101″ телефон нөміріне кешкі он жарымға қарай келіп түскен. Қалалық №3 мамандандырылған және №1 өрт сөндіру бөлімдерінің 19 қызметкері оқиға орнына сегіз минуттан соң жетті. Екі учаскеге бөлінген өрт сөндірушілер алты техниканың көмегімен тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Үйлер мен қора-қопсыларының бір-біріне тығыз орналасқандығынан жұмыс қиындап, өрт 23 сағат 5 минутта толықтай сөндірілді. Өртсөндірушілер дүкенді сақтап қала алды ма? Бұл туралы газетіміздің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp