«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен биыл елімізде Жастар жылы болып жарияланды. Осыған орай облысымызда жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында қандай іс-шаралар атқарылуда, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, олардың білімді, бәсекеге қабілетті болып өсуі бағытында алдағы уақытта жастар ұйымдары билік өкілдерімен қандай бірлескен жұмыстар атқармақ?

Бүгін алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті  отыз екінші сессиясында халық қалаулылары осы мәселені талқылады.  

Сессияда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Ирина Тухватулина баяндама жасады. Оның айтуынша, үстіміздегі жылы өңірімізде Жастар жылын лайықты өткізу үшін жан-жақты қаралған іс-шаралар жоспары жасалған.  Өңірде жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. 2018 жылы жастар ресурстық орталықтарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 2115 адам жүгінген, оның 1553-і жұмысқа орналастырылған. Бос орындар жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналған. Былтыр осындай сегіз жәрмеңке өткізіліп, оларға бір жарым мыңнан астам жас қатысқан.  Облыстың сауда орталықтары мен оқу орындарында «Шеберлер қаласы» атты интерактивті жәрмеңкелер өткізіліп, барлық қатысушылар өздерін әртүрлі мамандық рөлінде көрсете алған. «Дипломмен  – ауылға!» жобасының шеңберінде есепті кезеңде республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бөлінген кредиттерден 236 жас маманға жалпы сомасы 749,8 млн.теңге бюджеттік кредиттер берілген. «Жасыл ел» жасағының қатарына жастарды жұмысқа орналастыру бойынша жалпы сомасы 34 151 мың теңгенің жобасы іске асырылған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp