«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕРІК АСЫЛОВ – БАС ПРОКУРОРДЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Берік Асылов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

Асылов Берік Ноғайұлы 1964 жылы Жамбыл облысының Бірлік ауылында туған. 1991-1992 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының тағылымдамашысы, 1992 жылдың 17 наурызында Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі қызметін атқарған. 1993 жылы Бас прокуратура тергеушісі, аға тергеушісі, 1995 – 1996 жылдар аралығында Алматы әуе көлік прокурорының орынбасары болды. 1996 жылдың сәуірі мен желтоқсаны аралығында Мемлекеттік тергеу комитетінд, Ұлттық қауіпсіздік комитетінд, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау қызметінде, Президент күзеті қызмет органдарында жедел – іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша бөлім бастығы лауазымында қызмет атқарды. 
1996 жылдың желтоқсан айында Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша бөлімінің аға прокуроры болып тағайындалды. Сол жылы аталған бөлімнің бастығы лауазымына ұсынылып, онда 2001 жылға дейін қызмет етті. 2001 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың сәуіріне дейін Шымкент қаласының прокуроры, 2003-2005 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, 2005-2006 жылдары бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2006-2008 жылдары Батыс аймақтық көлік прокуроры, 2008 жылдың наурызынан 2010 жылдың маусымына дейін Ақтөбе облысының прокуроры болды. 2011-2017 жылдар аралығында  Алматы қаласының прокуроры қызметін атқарды. 2017 жылдан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp