Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада бизнесін ашуға ниет қойған қала тұрғындары үшін семинар ұйымдастырылды.
Диалог алаңында кәсібін дөңгелетіп отырған жергілікті іскер азаматтар өз тәжірибелерімен бөлісті.
“Кәсіп ашу оңай шаруа емес. Ең бастысы, идеяңның жүзеге асатынына сенімді болу керек. Қызықтыратын бағытты жан-жақты зерттеп, оған құятын қаражатыңның жеткілікті болғаны дұрыс. Жеке іс ашудың тәуекелі көп. Сондықтан кез келген қиындыққа дайын болып, оны жеңе білу керек”, – дейді кәсікер Азамат Омаров.
Бизнесті неден бастау керек? Ақшадан бөлек, таңдаған кәсібіңнің қандай тұстарын меңгерген жөн? Жиын барысында табысты жандар бизнес жүргізудің осындай қыр-сырларына тоқталды.